Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Dauletten.kz сайты Үкіметтік емес ұйымдар ғана тапсыратын ерекше есеп туралы айтып береді.
Егер сіздің ұйымыңыз Қазақстан Республикасының аумағында қызмет атқаратын коммерциялық емес ұйым болса, төмендегі ақпарат сіз үшін маңызды.
"Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 41-бабының 5-тармағына сәйкес, ҮЕҰ жыл сайын 31 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің азаматтық қоғам істері бойынша комитетіне өз қызметі туралы мәліметтерді қазақ және орыс тілдерінде ұсынуы тиіс.
Мәліметтерді infonpo.gov.kz веб-порталы арқылы электронды түрде тапсыру қажет. Порталда ҮЕҰ дерекқорына мәліметтер беру нысаны және толтыруға арналған нұсқаулық орналастырылған.
Есіңізде болсын:
Мәліметтерді дұрыс және толық ұсыну маңызды. Дерекқор мәліметтері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарға қатысу, гранттарға өтінім беру және басқа да қолдау түрлеріне арналған негізгі ақпарат болып табылады.
Сұрақтарыңыз болса, Азаматтық бастамалар орталығына хабарласуыңызға болады.
+7771 050 15 37 (WhatsApp)
Жұмыс уақыты: 9:00–17:30 (13:00 –14:00 түскі үзіліс).