Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Талғарда Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды. Алматы облысының полиция департаментінің мәліметінше, тараптар қылмыстық іс материалдарымен танысты, ал іс прокурорға жолданды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Полиция департаментінің Instagram парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, өткен жылдың 4 қазанына қараған түні кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істің тергеуі аяқталған. Барлық тараптар істің материалдарымен толық танысып, құжаттар сотқа жіберу үшін прокурорға берілді.
Тергеу барысында 40 сот сараптамасы жүргізіліп, 200-ге жуық куәгерден жауап алынған. Күдіктілердің оқиға орнында берген жауаптары мұқият тексеріліп, процесс қатысушылары арасында беттестірулер өткізілген. Сондай-ақ қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қосымша тергеу әрекеттері жүзеге асырылды.
Қылмыстық іске 8 бейнематериал зерттеліп, барлық қатысушыларға құқықтық баға берілген. Жиналған дәлелдемелер, сараптама қорытындылары мен жауап алу хаттамалары 62 томға жинақталған. Тергеу шаралары қылмыстық заңнама талаптарына сай жүргізіліп, барлық кезеңде заңдылық, ашықтық және объективтілік қамтамасыз етілді. Процесс барысында қатысушылардың конституциялық құқықтарының сақталуын прокуратура органдары бақылауда ұстаған.