Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Кеше елордада көптен күткен Battle of the Brave бокс кеші өтті. Жекпе-жек қалай өтті? Dauletten.kz сайты қорытындысын ұсынады.
Жәнібек Әлімханұлы Анауэль Нгамиссенгені жеңді. Battle of the Brave бокс кешінің басты жекпе-жегінде "Qazaq style" (16-0, 11 КО) франциялық Анауэль Нгамиссенгемен кездесті. (14-1, 9 КО) 12-раундтқа жоспарланған кездесуде Жәнібек Әлімханұлы қарсыласын мерзімнен бұрын 5-раундта нокаутпен жеңді. Қазақстандық боксшы IBF және WBO тұжырымдамалары бойынша орта салмақтағы чемпиондық белбеулерін қорғады.
Отандасымыз Балауса Мұздыман (6-0, 5 КО) Астанада өтіп жатқан бокс кешінде Мария Тереза Пинилиді төрешілердің бірауыз шешімімен жеңді. (7-1, 2 КО).
Battle of the Brave бокс кешінің алғашқы жекпе-жегінде (69 келі) отандасымыз Алишер (3-0, 2 КО) үндістандық Ашиш Чаудхаримен (3-0, 0 КО) кездесіп, төрешілердің бірауыз шешімімен жеңіске жетті. Бұл Алишердің кәсіпқой бокстағы төртінші жеңісі болса, Чаудхаридің алғашқы жеңілісі.
Ақниет Әлімбай чехиялық боксшыға есе жіберді. Астанада өтіп жатқан бокс кешінде қазақстандық спортшы (2-1, 1 КО) 4-раундтқа (69 келі) созылған кездесуде Чехия өкілі Йозеф Дубскиге жеңілді.
Төрехан Сабырхан: "Жеңісімді анама арнаймын".
(Дебют) Төрехан Сабырхан кәсіпқой бокстағы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. Кәсіпқой бокстағы бірінші жекпе-жегінде Төрехан Сабырхан 6-раундтқа созылған кездесуде Йиржи Хаукені (4-6, 2 КО) мерзімнен бұрын 3-раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Сондай-ақ бокс кешінде Отабек Холматов филиппиндық боксшыдан басым түсті. Өзбекстандық боксшы (13-1, 12 КО) Battle of the Brave кешінде Джейсон Кано Манигосты (30-13-2, 20 КО) 8-раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Махмұд Сабырхан мерзімнен бұрын жеңіске жетті. Battle of the Brave бокс кешінің жекпе-жегінде (55,2 келі) отандасымыз (Дебют) Вьетнам өкілі Данг Дак Хайнхты (2-1, 2 KO) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Батыр Жүкембаев кезекті жеңісіне қол жеткізді. Отандасымыз (23-1, 17 КО) Астанада өтіп жатқан бокс кешінде ұлыбританиялық Кейн Гарднерді төрешілердің бірауыз шешімі бойынша жеңіске жетті (17-4, 7 КО). Қос боксшы 64.4 келі салмақта сынға түсті.
Сондай-ақ өзбекстандық боксшы Бахадүр Жалолов ( 14-0, 14 КО) кәсіпқой рингтегі он бесінші жекпе-жегінде жеңіске жетті Украиналық Игорь Шевадзуцкиймен (12-2, 10 КО) өткен кездесу он раундқа жоспаранып, төрешілердің бір ауыздан қабылданған шешімімен өзбекстандық боксшының пайдасына аяқталды.
Сұлтан Заурбек мансабындағы 20-жеңісіне қол жеткізді. Battle of the Brave бокс кешінде отандасымыз Оңтүстік Африка өкілі Азинга Фузилемен (18-3, 12 КО) кездесті. Он раундқа (58.9 келі) созылған жекпе-жекте Сұлтан Заурбек қарсыласынан басым түсті. Қазақстандық боксшы IBF Inter-Continental белбеуіне қол жеткізді.