Баспанаға бағыт
Бүгін – "Наурыз" бағдарламасына өтінім қабылдаудың соңғы күні
Сурет: крыша.кз
Бүгін – "Наурыз" бағдарламасына өтінім қабылдаудың соңғы күні, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Толық шарттар:
- Бастапқы жарна: таза әрлеуде – 10%, черновой әрлеуде – 20%
- Жылдық үстемақы:
- Әлеуметтік осал топтағы үй кезегінде тұрғандар үшін – 7%
- Басқа санаттар үшін – 9%
- Максималды мерзім: 19 жыл
Қатысу талаптары:
- Соңғы 5 жылда отбасы мүшелерінің атында баспана болмауы тиіс
- Отбасы Банк депозитінде кемінде 2 млн теңге жинақ болуы қажет
- Пропискаға қатысты шектеу жоқ
- Бағдарламаға 18-63 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары мен қандастар қатыса алады
Максималды несие сомасы:
- Астана және Алматы – 36 млн теңге
- Басқа өңірлер – 30 млн теңге
Республикалық маңызы бар үш қала мен облыс орталықтарында тек алғашқы нарықтан пәтер сатып алуға болады.
Моноқалалар мен аудандарда екінші нарықтан да баспана алу мүмкіндігі бар.
Өтінімдер Отбасы Банкінің “Баспана маркет” порталы арқылы қабылданады otbasybank.kz.
Өтініш беру үшін ЭЦҚ қажет.
Әлеуметтік желілерде бөлісу