Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматы әкімі Ерболат Досаев Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді, — деп хабарлайды Dauletten.kz.
Кездесу барысында бір тұрғын әкімнің қабылдауына “Есімов, Байбек және басқа да әкімдер кезінен бері” кіре алмай жүргенін айтты.
- Таңертеңнен ешкімді алдамай-ақ қояйық: сіз менде болдыңыз. Бірақ, өкінішке қарай, сіз бен біз сіздің жер учаскелеріңізге қатысты жеке мәселелерді талқыладық. Бұл жеке екі учаске болды, сіз жол сұрадыңыз… — деді әкім.
Әйел жеке мәселелері бойынша келгенін растап, мәселенің әлі шешілмегенін жеткізді.
Досаев тұрғынның қандай мәселелер толғандыратынын сұрап, орынбасарларына тиісті тапсырма беретінін айтты. Әйел өз жер телімі арқылы өтетін жол құрылысы мен электр желісін тарту қажеттігін алға тартты.
Әкімнің айтуынша, Бостандық ауданының әкімі Санжар Алин жағдайдан хабардар және оны шешуге көмектесетін болады.
- Заң аясында қандай қолдау көрсетуге мүмкіндік болса, көрсетеміз. Бірақ сіз үшін арнайы жол салып бермеймін. Өкінішке қарай. Кешіріңіз. Дегенмен, бас жоспарға сәйкес, егер жол құрылысы қарастырылған болса, бәрі жоспарлы түрде жүзеге асады. Өкінішке қарай, қызыл сызықты өзгерте алмаймын, — деді Досаев.
Әйел қарсылық білдіріп жатқанда, әкім нақты сұрақ қойды:
- Жол салу керек пе?
“Иә”, — деп жауап берді тұрғын.
- Жоспар бойынша қарастырамыз, — деп қорытындылады Ерболат Досаев.