Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Сирияда бүлікшілер биліктен тайдырылған президент Башар Асадтың әкесінің қабірін өртеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Мәліметтерге сүйенсек, қарулы бүлікшілер алдын ала дайындық жасаған. Олар өздерінің туын тастан қаланған үлкен кесенеге алып келген. Олар ғимараттағы әйнектерді сындырып, Башар Асадтың әкесі Хафез Асад моласына от қойды. Ішінде тұрған табытты далаға алып шығып, оны да өртеп жіберді. Бұл ақпаратты Сирия адам құқықтары жөніндегі обсерваториясы растады.
Хафез Асад 1971 жылы Сирия президенті болып сайланып, 2000 жылы қайтыс болғанға дейін осы қызметті атқарған. Ол өзінің отбасы жерленген Қардаха қаласындағы мавзолейде жерленген. Президенттік қызметті кейін оның ұлы Башар Асад жалғастырған. 7 желтоқсан күні оппозиция Алеппо, Дейр-эз-Зор, Дераа, Хама және Хомсты басып алды. 8 желтоқсан күні таңертең Асадтың қарсыластары Дамаскке кірді, содан кейін армия бөлімшелері астананы тастап кетті. Асад қызметінен және елден кетті.