Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Картоп бағасын тұрақтандыру шарасын жүргізу барысында 49 заң бұзушылық тіркелді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сауда министрлігі Астанада картоп бағасы арзандауына байланысты мәлімдеме жасады.
– Сауда министрлігінің ірі сауда желілерімен, атап айтқанда, Small және Magnum желілерімен өткізілген кездесулердің нәтижесінде, бүгінгі күні Астанадағы Small желісінде картоптың орташа бағасы 280 теңгеге, ал Magnum желісінде 185 теңгеге дейін төмендеді. Сауда комитетінің мониторингі бойынша, бүгінгі күні Қазақстан бойынша картоптың орташа бағасы 322 теңге. Әлеуметтік дүкендер мен ӘКК серіктестерінде – елдің барлық аймақтарында картоптың көлемі жеткілікті және нарықтағы бағадан төмен сатылуда, - делінген хабарламада.
Жыл басынан сауда үстемесін 15 пайыздан асырмау бойынша 20 аймақтық комиссия өтіп, әлеуметтік маңызы бар өнім саналатын картопқа қатысты 49 заң бұзушылық анықталған.