Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қырғызстанда мемлекеттік тіркеусіз діни некеге тыйым салынады
Жаңалықтар

Қырғызстанда мемлекеттік тіркеусіз діни некеге тыйым салынады

05.01.2025
мин
0
208
Сурет: astanatv.kz

Қырғызстанның Еңбек, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрлігі мемлекеттік тіркеусіз діни неке қию рәсімін өткізуге тыйым салуды көздейтін заң жобасын әзірледі, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұл құжат қазір қоғамдық талқылауға шығарылды. Мемлекеттік тіркеусіз неке қию діни рәсімдерін өткізген жеке тұлғаларға 100 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 10 мың сом) көлемінде айыппұл салу қарастырылған. Сонымен қатар заңда қазіргі уақытта 17 жастан бастап некеге тұруға мүмкіндік беретін норманы алып тастау және некеге отырудың ең төменгі жасын 18 жас деп белгілеу ұсынылады. 

Қазақстан заңнамасына сәйкес, некеге тұру (ерлі-зайыптылық) тек уәкілетті органдар арқылы тіркелген жағдайда ғана заңды деп танылады. Діни неке қию рәсімдері заңдық күшке ие болмайды және мемлекет оларды мойындамайды.

Бұл өзгерістер азаматтардың құқықтарын қорғау және неке қию рәсімін заңдастыру арқылы отбасылық қарым-қатынастарды реттеуді көздейді. Әсіресе, ерте некелерді алдын алу мен әйелдердің құқықтарын қорғау мәселелері басты назарда. 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл