Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Жаңалықтар

"ҚазАвтоЖол" Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары сотталды

27.12.2024
мин
0
242
Сурет: yar.mk.ru

"ҚазАвтоЖол" Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары сотталды. Бұл туралы Антикор баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

26 желтоқсанlf Қордай аудандық сотымен "ҚазАвтоЖол" Жамбыл облыстық филиалы басшысының орынбасары Д. Тультаев, "ДорСтрой" ЖШС мердігерлік ұйымы жобасының жетекшісі У. Құрбанов және "Алматы Сапа Инжиниринг" ЖШС техникалық қадағалау сарапшысы Д. Мұсақұл сотталды.

- Олар қазақ-қырғыз шекарасындағы "Қордай" өткізу пунктін салу, кеңейту және реконструкциялау кезінде 296 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ысырап еткені үшін кінәлі деп танылды. Жымқыру орындалмаған жұмыстар актілеріне қол қою, сол жұмыс түрлеріне екі есе ақы төлеу, жабдықтың құнын асыра бағалау және заттарды аз жеткізу жолымен жасалған. Тультаев пен Құрбановқа тиісінше 10 жыл мерзімге жол-құрылыс жұмыстарымен және құрылыс жұмыстары саласындағы кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, әрқайсысына 8 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сол үкіммен Мұсақұл сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында 10 жыл мерзімге инжинирингтік қызметтер көрсетумен айналысу құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі, - делінген хабарламада.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл