Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қазақстандағы ТОП-5 жерасты су орны
Жаңалықтар

Қазақстандағы ТОП-5 жерасты су орны

06.12.2024
1 мин
0
297
Сурет: baq.kz

Қазақстанда ең үздік жерасты су орындары анықталды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

АЛМАТЫ ЖЕРАСТЫ СУ КЕН ОРНЫ 

Алматы қаласын шаруашылық-ауыз сумен және өнеркәсіптік кәсіпорындарды техникалық сумен жабдықтау үшін барланған. Минералдануы 0,5-0,6 г/л дейін, судың сапасы жақсы және "ауыз су"  талаптарына сай келеді. Жерасты су қорының "А" санаты бойынша болжамды мөлшері тәулігіне 457 мың текше метр. Бүгінде су орнынан тәулігіне 200 мың текше метр су алынады.  

КӨКЖИДЕ ЖЕРАСТЫ СУ КЕН ОРНЫ

Ақтөбе облысындағы Ембі қаласынан 95 шақырым жерде орналасқан. Жерасты суы шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін пайдаланылады. Бүгінгі таңда тәулігіне 7,84 мың текше метр су алынады. Есептік пайдалану мерзімі - 27 жыл. Жерасты су қорының "А+В+С1" санаттары бойынша болжамды мөлшері тәулігіне 196,5 мың текше метр.

ТАЛҒАР ЖЕРАСТЫ СУ КЕН ОРНЫ

Алматыдан шығысқа қарай 30 шақырым жерде орналасқан. Алматы қаласын шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету үшін барланған. Жерасты суларының қоры А+В+С1 санаттары бойынша тәулігіне 989,28 мың текше метр мөлшерінде бекітілген.

МЕРКЕН ЖЕРАСТЫ СУ КЕН ОРНЫ

Меркі және Новоскресенское ауылдарының аралығында Қырғыз жотасының солтүстік беткейінде орналасқан. Аудан орталығы Меркі қаласы мен оған жақын орналасқан елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен қамтамасыз ету және жерді суландыру мақсатында барланған. Жерасты суларының қоры А+В+С1 санаттары бойынша тәулігіне 770 мың текше метр көлемінде бекітілген.

КЕҢҚИЯҚ ЖЕРАСТЫ СУ КЕН ОРНЫ

Ақтөбе облысындағы Кеңқияқ кентінен 11 шақырым жерде орналасқан. Жерасты суы ауыз сумен жабдықтау және өнеркәсіптік кәсіпорындарды техникалық сумен жабдықтау үшін пайдаланылады. Бүгінгі таңда тәулігіне 1,442 мың текше метр су алынады. Су қорының болжамды мөлшері "А+В" санаттары бойынша тәулігіне 5,0 мың текше метр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл