Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қайталама шикізатты өңдеу мәселесі жөнінде конференция өтті
Жаңалықтар

Қайталама шикізатты өңдеу мәселесі жөнінде конференция өтті

31.05.2023
3 мин
0
637

Елордада «Қазақстанның қайта өңдеушілер қауымдастығы» мен Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы қайталама шикізатты жинау мен өңдеуді арттырудағы кедергілер» бойынша конференция өтті, деп хабарлайды Dauletten.kz.

Іс-шарада өңдеуші шикізаттың тапшылығы, өнеркәсіпті экономикалық қолдаудың, салықтық преференциялар, тұрмыстық қатты қалдықтарды және қалдықтардан алынатын қайталама шикізатты өңдеу бойынша нақты әзірленген мемлекеттік саясаттың жоқтығы және тағы басқа мәселелер көтерілді.

Конференцияға ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары, «Байтақ» партиясының төрағасы т.б ұйым басшылары қатысты.

«2021 жылы экологиылық кодекс қабылданған болатын. Сол жерде әр жергілікті әкімшілік орган өзінің қалдықтарды басқару стратегиялық бағдарламасын жасау керек екені көзделген. Алайда әлі күнге дейін ешқандай бағдарлама ұсынылып, ол нақтыланған жоқ. Бізде мәселе көп, полигондар, кәсіпорын қалдықтары, экология, сондай-ақ жасыл даму өзінің бағдарламасын іске асыра алмай отыр. Біздің жасылдар партиясының миссиясы - осы қалдықтарды қайта өңдеу жөнінде біріңғай саясатты қалыптастыру. Яғни кәсіпорындарға қаражат бөліп, кәсіпорындар халыққа көмектесу керек, ал халық экологиялық мәдениетін қалыптастыру керек, ол өз қоқысын сұрыптай білу. Тастаған қалдықтар экологияға зиян. Ал біздер оны қайта өңдеп, қолданысқа ұсынуды көздейміз», - деді «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Сайлауұлы.

 

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл