Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Тоқаев Жапонияға елші етіп Ерлан Қожатаевты жіберді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Бұл қызметті бұрын Сабыр Есімбеков атқарып келген.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Кеңесұлы Баударбек-Қожатаев Қазақстан Республикасының Жапониядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды.
Ерлан Кеңесұлы 1967 жылы Таразда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Азия және Африка елдері институтында, сондай-ақ Жапонияның Кита-Урава қаласындағы Жапон тілі институтында білім алған.
Дипломатиялық қызметін 1992 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінде бастап, Азия және Африка департаментінде түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.
Қазақстанның Сингапурдағы, Аустралиядағы, Жаңа Зеландиядағы елшісі қызметтерін істеді.
2021 жылдан бастап Қазақстанның Грекиядағы елшісі болды.