Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль қызметінен ресми түрде шеттетілді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Оңтүстік Кореяның Конституциялық соты Юн Сок Ёльге қатысты импичментті мақұлдап, оны президенттік қызметтен аластатты. Бұл шешім 2024 жылдың желтоқсанында елде қысқа мерзімді әскери жағдай енгізілгеніне байланысты қабылданды.
Сот оны билікті асыра пайдаланған деп танып, әрекеттерін заңсыз деп бағалады. Юн Сок Ёльдің парламентке күш қолдану арқылы қысым жасауға тырысқаны айтылды.
Шешім бірден күшіне енді. Оңтүстік Кореяда енді 60 күн ішінде кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Алдын ала болжам бойынша, ол 2025 жылғы 3 маусымға белгіленген.