Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Оңтүстік Корея президенті қамауға алынды
Жаңалықтар

Оңтүстік Корея президенті қамауға алынды

15.01.2025
1 мин
0
633

Оңтүстік Корея президенті қамауға алынды. Тергеушілер қызметінен уақытша шеттетілген, бірақ әлі де президент қызметін атқарып жүрген Юн Сок Ёлді бүлік ұйымдастырды деген айыппен ұстады, - деп хабарлайды Dauletten.kz Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

- Президент Юн Сок Ёл бүлікке жетекшілік етті деген айыппен қамауға алынды, – делінген агенттіктің хабарламасында.

15 қаңтар, сәрсенбі күні таңертең тергеушілер президент резиденциясына оны ұстау мақсатында келіп, күзет қызметімен қақтығысқа түскен. Шамамен 2,5 сағатқа созылған қарсыласудан кейін полиция мен Жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасының (CIO) қызметкерлері саты арқылы резиденцияға кірген.

Олар күзет ұйымдастырған бірнеше бөгетті бұзып өтіп, көліктер мен автобустардан құралған қоршауларды еңсерген. Кейін Юн Сок Ёл жағдайды ушықтырмау үшін өз еркімен тергеуге баруды шешкені анықталды. Сол уақытта резиденцияны күзеткен әскери бөлімшелер тергеушілердің қамауға алу ордерін орындауына кедергі келтірмеуге келісім берген.

Айта кетсек, 3 қаңтарда тергеушілер Юн Сок Ёлді ұстауға алғашқы әрекет жасаған болатын, бірақ бес сағаттан астам уақытқа созылған қарсылықтан кейін операцияны тоқтатқан. Жоғары лауазымды тұлғаларға қатысты сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасы мұны қауіпсіздік мәселелерімен түсіндірді.

Президентке бүлік ұйымдастырды және билікті теріс пайдаланды деген айып тағылып отыр. Тергеушілердің мәліметінше, Юн Сок Ёл елде әскери жағдай жариялап, парламентке төтенше жағдайды жою туралы дауыс беруге кедергі жасау үшін әскер жіберген.

Операцияға 200 полиция қызметкері мен CIO-ның 40 тергеушісі қатысқан.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл