Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Марқұм Шерзаттың әкесінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Алматы облысы полиция департаменті Қаржаубай Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын растады. Полиция мәліметінше, қылмыстық іс бөгде адамның мүлкін әдейі бүлдіру фактісі бойынша қозғалған.
- Белгілі болғандай, 10 желтоқсан күні Еңбекшіқазақ ауданының Азат ауылында болған заңға қайшы әрекеттер нәтижесінде көлік иесіне айтарлықтай материалдық шығын келтірілген. Бұл шығын әкімшілік жауапкершілік шегінен асып түсіп, әрекетке қылмыстық сипат береді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты, толық және объективті тергеу жүргізілуде, - деп жазылған хабарламада.