Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Хасан Қасымбаев ісінде тағы бір жәбірленуші анықталды
Жаңалықтар

Хасан Қасымбаев ісінде тағы бір жәбірленуші анықталды

13.03.2025
1 мин
0
1024

Хасан Қасымбаевқа қатысты іс бойынша тағы бір жәбірленуші пайда болды. Бұл туралы бірінші жәбірленуші Арман Әлімовтің адвокаты мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұған дейін Қасымбаевқа адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау фактілері бойынша тергеу басталған еді.

- Ұрлау мен денсаулыққа ауыр зиян келтіру Арман Әлімовке қатысты, ал бопсалау басқа жәбірленушіге байланысты, — деді адвокат Әлішер Әлішев. Оның айтуынша, қазіргі таңда бұл іс бойынша екі жәбірленуші бар.

Сондай-ақ, адвокат Хасан Қасымбаевтың қазір уақытша ұстау изоляторында отырғанын растады. Алайда оған ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) құру және оған басшылық ету бойынша айып тағылмаған.

- Тергеу аяқталуға жақын, іс материалдарымен танысу процесін күтіп отырмыз. Тергеу нәтижесін күтеміз, — деді Әлішев.

Айта кетейік, Қасымбаевтың есімі Талғардағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс аясында жиі атала бастады. Бұған дейін, 2021 жылы, ол ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысын ұрлап, соққыға жықты деген күдікке ілінген болатын.

Осыдан үш жыл бұрынғы қылмыс видеоға түсіп қалған. Жазбада жәбірленуші ретінде ережесіз жекпе-жек жаттықтырушысы Арман Әлімов көрсетілген. Жәбірленушінің туыстарының айтуынша, оны алдымен “Виктория” шағын маркеттің жанында соққыға жығып, кейін ес-түссіз күйде Кеңдала ауылындағы канал маңынан тапқан. Сол кезде ол ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Хасан Қасымбаев 2024 жылғы 2 қарашада ұсталып, кейін екі айға қамауға алынды.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл