Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Исламистік топтың жетекшісі Ахмед әл-Шараа Сирия президенті болып сайланды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Сириядағы “Хайят Тахрир аш-Шам” (ХТШ) исламистік тобы басқаратын әскери альянс елдің іс жүзіндегі басшысы Ахмед әл-Шарааны өтпелі кезеңнің президенті болып сайланды.
Еске сала кетейік, екі айға жетпейтін уақыт бұрын Шараа басшылығымен жүргізілген әскери кампания Башар Асад режимінің құлауына әкелді.
Әскери қолбасшылық Сирия Конституциясының күшін тоқтатып, Шарааға уақытша заң шығарушы кеңес құру өкілеттігін бергенін мәлімдеді. Сондай-ақ, парламенттің таратылып, ондаған жылдар бойы билік еткен “Баас” партиясының жойылғаны хабарланды.
Өз сөзінде Шараа өтпелі кезеңдегі басты басымдықтар – мемлекеттік құрылымдарды қалпына келтіру, “әділет арқылы азаматтық бейбітшілікті” қамтамасыз ету және Асад режимі құлағаннан кейін жаппай кек алу әрекеттерінің алдын алу екенін айтты. Ол сонымен қатар ұлттық конференция өткізіп, инклюзивті үкімет құруға және төрт жыл ішінде сайлау ұйымдастыруға уәде берді.
- Қазір басты міндет – билік вакуумын заңды жолмен толтыру. Мен мемлекеттік институттардың, соның ішінде армия мен қауіпсіздік органдарының жұмысын қалпына келтіріп, саяси реформалар бастауды көздеймін, – деді Ахмед әл-Шараа конференцияда.