Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов премьер-министрге жолдаған сауалында биометриялық деректер мен жасанды интеллектті қолдануға байланысты ауыр қауіптер барын ескертті, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Депутаттың айтуынша, азаматтардың биометриялық деректері банктерде, мектептерде, ауруханаларда және бизнес орталықтарда жаппай жиналып жатыр. Деректерді беруден бас тарту көбіне қызмет көрсетуден бас тартуға әкеледі, ал жиналған ақпарат бақылаусыз пайдаланылып, үшінші тұлғаларға берілуі мүмкін.
Бір фото арқылы жалған деректерді генерациялау мүмкіндігі ерекше алаңдаушылық тудырады, деді депутат.
- Бүгінде жасанды интеллекттің мүмкіндіктері шексіз. Бір ғана фотосуретті қолдана отырып, азаматтың толықтай шынайы биометриялық бейнесін жасауға болады. Бұл жағдай – шын мәнінде «уақытша бомба, – деп атап өтті Магеррамов.
Депутаттың айтуынша, елде бейнебақылау камералары бақылаусыз орнатылып, олардан алынған деректер де бақылаусыз сақталып, пайдаланылып жатыр.
- Киберқылмыс саласында азаматтарымызды қорғау мәселесінде қаншалықты дәрменсіз екенімізді көріп отырмыз. Уәкілетті орган азаматтардың шексіз деректер базасында сақталған биометриялық ақпаратын қалай қорғауды жоспарлап отыр?, – деп сұрады депутат.
Сонымен қатар, депутат жасанды интеллект, соның ішінде ChatGPT, қазақстандық оқушылардың сыни ойлау қабілетін жойып, білім деңгейіне теріс әсер етіп, маңызды шешімдерді өз бетінше қабылдауында қиындықтар туғызатынын атап өтті.
Депутат қандай ұсыныс жасады?
1. Білім беру орындарында генеративті жасанды интеллектті пайдалануды реттеу
Депутат ChatGPT сияқты нейрожелілерді білім беру процесінде пайдалануды нақты шектеу үшін заңға тәуелді актілер деңгейінде регламент енгізуді ұсынды.
2. Биометриялық деректермен жұмыс істеуге арналған ашық ережелер құру
Магеррамов азаматтардың биометриясын жинау, өңдеу және сақтау үшін нақты механизм әзірлеу қажеттігін атап өтті. Мұндай деректерге қол жеткізу тек уәкілетті тұлғалар шеңберінде шектелуі тиіс.
3. Биометриялық деректер базасының заңсыз таралуын тоқтату
Депутат азаматтардың биометриялық деректерін жинайтын және сақтайтын ұйымдарды тексеруді ұсынды. Ерекше назар деректерді заңсыз пайдалану мен үшінші тұлғаларға беруге аударылуы керек.