Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Болат Назарбаев иелік еткен машина зауытының жері мен нысаны мемлекетке қайтарылды
Жаңалықтар

Болат Назарбаев иелік еткен машина зауытының жері мен нысаны мемлекетке қайтарылды

18.02.2025
1 мин
0
141

Алматы прокуратурасы Алматы ауыр машина жасау зауытының жылжымайтын мүлкін мемлекет меншігіне қайтарды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Бұған дейін Алматы қаласының прокуратурасы зауыт мүлкінің заңсыз сатылғанын анықтаған. Осыған байланысты прокуратураның қадағалау актісінің негізінде мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арыз берген.

Арызда зауытқа тиесілі 37 гектардан астам жер учаскесі мен жалпы ауданы 79 966 шаршы метрді құрайтын 94 тұрғын емес үй-жайды мемлекетке қайтару туралы талап қойылған. Сот талапты қанағаттандырды, ал апелляциялық сот бұл шешімді өзгеріссіз қалдырды, – деп хабарлады прокуратура.

Алматы ауыр машина жасау зауыты – металлургия кәсіпорындарына арналған прокат жабдықтары мен халық тұтынатын басқа да бұйымдарды шығаратын ірі өндіріс орны. Зауыт 1941 жылы Луганск паровоз жасау зауытының үш цехы негізінде құрылған.

2023 жылы БАҚ-та Болат Назарбаевтың “Алматы ауыр машина жасау зауыты” АҚ акцияларының 31,9%-ын мемлекетке қайтаруға міндеттелгені туралы ақпарат тараған.

1998 жылы мемлекеттік мүлік департаменті зауыттың 31,9% акциясын “Темір Кон” компаниясына 105,3 млн теңгеге сатқан. Ал 2007 жылдың сәуірінде “Темір Кон” ЖШС бұл акциялардың 86,78%-ын Болат Назарбаевқа өткізген.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл