Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Астанада бұрынғы дипломат Сәкен Мамаш қамауға алынды, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Полицияның мәліметінше, елші қызметін атқарған адамның кеңесшісі ретінде жұмыс істеген Сәкен Мамашқа қатысты былтыр жұбайын жүйелі түрде соққыға жыққан деген күдікпен қылмыстық іс қозғалған.
Осыған байланысты жедел-тергеу тобы құрылып, оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тиісті сараптамалар жүргізілген. Жеткілікті дәлелдер жиналып, іс материалдарына тіркелді.
- Тергеу нәтижесінде, сот күдікті М.С.-ға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, – деп мәлімдеді қалалық ПД өкілдері.
Сондай-ақ, полиция өкілдері тергеу аяқталғанға дейін істің басқа егжей-тегжейі жарияланбайтынын атап өтті.