Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыда «SCAFFOLD – өмір бойы қажет болатын құзыреттер» тақырыбында қалалық семинар-тренинг өтті, - деп мәлімдейді Dauletten.kz.
2025 жылдың 25 ақпанында Алматы қаласындағы №49 жалпы білім беретін мектепте «SCAFFOLD – өмір бойы қажет болатын құзыреттер»тақырыбында қалалық семинар-тренинг өтті. Бұл іс-шара мұғалімдердің кәсіби қауымдастығын нығайтуға, тәжірибе алмасуға және заманауи білім беру әдістемелерін дамытуға арналды. Семинарға қала мектептерінен педагогтер, директорлар мен оқу ісі жөніндегі орынбасарлар қатысты.
SCAFFOLD – инновациялық білім беру құралы
SCAFFOLD – бұл Еуропа білім беру қоры (ETF) және Еуропа комиссиясының Біріккен зерттеу орталығы (JRC) бірлесіп әзірлеген бірегей құрал. «Жаңа оқытуды құру» (CNL) бағдарламасы аясында және өмір бойы оқытуға арналған еуропалық құзыреттілік шеңберіне негізделген бұл жоба цифрлық, кәсіпкерлік, жеке, әлеуметтік және оқу құзыреттіліктерін, сондай-ақ тұрақты дамуға бағытталған дағдыларды біріктіреді. SCAFFOLD – мұғалімдерге арналған «практикадағы оқыту»құралы ретінде қолданылатын карталар колодасы. Ол оқу қызметтерін жоспарлауға және оқушылардың негізгі құзыреттіліктерін дамытуға көмектеседі. Құралды тиімді пайдалану үшін арнайы нұсқаулық әзірленген, онда сабақтар мен оқу қызметтерін ұйымдастыру бойынша толық ақпарат берілген.
Семинардың ашылуы және негізгі баяндамалар
Іс-шара №49 ЖББМ-нің базасында жас мамандарының салтанатты ашылуымен басталды. Мектеп директоры Хисамиддинова Жанна Танырбергеновна «SCAFFOLD-құзыреттіліктер: қазіргі таңдағы табысқа жетудің кілті»тақырыбында баяндама жасап, бұл құралдың білім берудегі рөлін және кәсіби қауымдастықты нығайтудағы маңызын айрықша атап өтті.
Тренингтер мен тәжірибе алмасу
Семинар барысында №57 ЖББМ-нің физика пәнінің мұғалімі – Жұмахан Жасұлан Мұартханұлыжәне №49 ЖББМ-нің физика пәнінің мұғалімі – Карсиманов Бакдаулет Садикович «SCAFFOLD – өмір бойы қажет болатын құзыреттер»тақырыбында тренинг өткізді. Олар SCAFFOLD құралын қолдана отырып, халықаралық тренингтен алған өзі тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, ізденістен нәтижеге дейінгі авторлық бағдарламаларды құру бойынша №59 ЖББМ-нің мұғалімі Хасен Зәру физикадағы STEM сабақтартуралы, «DreamSchoolCompany» жеке меншік мектебінің физика пәнінің мұғалімі Кулик Светлана Николаевна «Физика вокруг нас» тақырыптарында пайдалы инсайттарымен бөлісті. Соынмен қатар, №83 гимназияның физика пәнінің мұғалімі Ахметова Ардақты Сләмғалиқызы физика сабақтарында жасанды интеллектті қолдану тәсілдерін талқылады.
Секциялық тренингтер және талқылаулар
Семинар қатысушыларына арнайы әзірленген кофе-брейктен кейін №49 ЖББМ-нің физика пәнінің мұғалімдері – Палтушева Хелчибанум Абдикерымовна және Кулова Сандугаш Дюсеновна «Физика сабағын тиімді өткізуді жоспарлау»тақырыбында секциялық шеберлік сағатын өткізді. Мектеп директорының оқу ісі және тәрбиежөніндегі орынбасары Егембердиева Эльмира Алимжановна модераторлық еткен панельдік дискуссияда қатысушылар SCAFFOLD құралын сабақтарда қолданудағы мектеп пен мұғалімнің рөлі, авторлық бағдарлама аясында ізденіс процесінен нәтижеге жетуге қандай тиімді әдістер мен құралдар қолдану қажет, физика сабақтарына STEM әдістемесін енгізудің басты артықшылықтары, оқу процессінде жасанды интеллект құралдарын қолдану мүмкіндіктері және бірлескен кәсіби қауымдастықты нығайтудың жолдары талқыланды. Іс-шара барлық қатысушылардың кері байланыс сессиясымен аяқталды.
Семинардың нәтижелері
«SCAFFOLD – өмір бойы қажет болатын құзыреттер» семинар-тренингі мұғалімдерге заманауи білім беру талаптарына сай дағдыларын шыңдауға мүмкіндік берді. SCAFFOLD құралының көмегімен физика сабақтарын жоспарлау, STEM технологияларын енгізу және жасанды интеллектті қолдану тәжірибелеріне ерекше назар аударылды. Бұл іс-шара Алматы қаласының педагогтері үшін инновациялық әдістерді меңгерудің және кәсіби дамудың тиімді алаңына айналды.