Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“Әділ сома”: Энергетика министрі қазақстандықтардың шағымына пікір білдірді
Жаңалықтар

“Әділ сома”: Энергетика министрі қазақстандықтардың шағымына пікір білдірді

27.02.2025
1 мин
0
136
Сурет: ufacity.info

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев брифинг барысында қазақстандықтардың жылу мен жарық төлемдерінің жоғары сомасына қатысты шағымдарына жауап берді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Журналистер министрден қаңтар айындағы коммуналдық төлемдердің қымбаттауы туралы сұрап, бұл мәселеге пікір білдіруін өтінді.

- Көрші елдердегі төлемдермен салыстырудың қажеті жоқ. Энергетика министрлігі өз құзыреті аясында энергетикалық сектордың тұрақты жұмысын қамтамасыз ету бағытында жұмыс жүргізіп жатыр. Өздеріңіз білетіндей, біз 90 пайызға дейін тозған электр станцияларында тарифтерді көтеру шараларын қабылдадық. Нәтижесінде, шамамен 19 станция қауіпті аймақтан шығарылды, – деді Алмасадам Сәтқалиев.

Министрдің айтуынша, егер шоттар дұрыс есептеліп, операторлар тарапынан негізсіз баға өсімі болмаса, онда тарифтер бекітілген мөлшерге сәйкес келеді.

- Егер төлемдер дұрыс есептелсе, олар Қазақстан Республикасында белгіленген тарифтерге сай саналады. Электр энергиясы мен жылуға қатысты төлемдер тікелей тұтынылған көлемге байланысты есептеледі. Яғни, тұтынған көлеміңіз қызмет құнына көбейтіледі. Дегенмен, барлық елдердегідей, тұтынуды азайтып, оңтайландыруға мүмкіндік бар. Бұл – ұжымдық есептеуіштер орнату, қызмет жеткізушіні таңдау сияқты шешімдерге байланысты. Бірақ негізгі сома бекітілген тарифтерге сәйкес есептелсе, әділ болып саналады, – деп түсіндірді министр.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл