Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
“25.02.2025”: Қазақстанда 25 ақпанда некеге тұру бойынша рекорд тіркелді
Жаңалықтар

“25.02.2025”: Қазақстанда 25 ақпанда некеге тұру бойынша рекорд тіркелді

27.02.2025
1 мин
0
147
Сурет: gov.kz

2025 жылғы 25 ақпанда Қазақстанда некеге тұру саны бойынша рекордтық көрсеткіш тіркелді. Айтулы күнде ресми түрде мыңға жуық жұп отбасын құрған. Бұл елдегі күнделікті орташа көрсеткіштен екі есе жоғары, - деп хабарлайды Dauletten.kz "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына сілтеме жасап.

Мемлекеттік корпорацияның мәліметінше, ең көп неке Алматы мен Астана қалаларында, сондай-ақ Қостанай облысында тіркелген. Керісінше, Ұлытау, Қызылорда және Жамбыл облыстарында бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен болған.

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда күн сайын орта есеппен 500 неке тіркеледі, бұл 25 ақпандағы көрсеткіштен екі есе аз.

Айта кетейік, 2024 жылы АХАТ бөлімдері арқылы 125 544 неке тіркелген. Ең көп неке шілде айында қиылып, 13 257 жұп отбасын құрса, ең аз неке саны мамыр, наурыз және қараша айларында тіркелген – әр айда шамамен 8 мың неке қиылған.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл