Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Тоқаев Түркістан облысының жаңа әкіміне бірқатар тапсырма берді
Үкімет

Тоқаев Түркістан облысының жаңа әкіміне бірқатар тапсырма берді

04.03.2025
1 мин
0
109
Сурет: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен кездесті. Ақорданың мәлімдеуінше, әкім мемлекет басшысына өңірдің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен алдағы жоспарларын баяндады, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Кездесу барысында Нұралхан Көшеров ирригация нысандарын қалпына келтіру үшін Ислам даму банкінен қаржы тартылып жатқанын мәлімдеді. Қазіргі таңда 135,5 млрд теңгеге 24 жобаны қаржыландыру мақұлданған. Сонымен қатар Түркістан қаласы мен жақын маңдағы алты ауданды тұрақты сумен қамтамасыз ету мақсатында “Бәйдібек ата” су қоймасының құрылысы жүргізіліп, “Боралдай” су қоймасының жобасы дайындалуда.

Әкімнің айтуынша, өңірде мақта, жүгері және ет кластерлерін дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Мақта-тоқыма кластері аясында жалпы құны 197 млрд теңгені құрайтын бес жоба жүзеге асырылады. Бұдан бөлек, жүгері-сірне зауытының құрылысы басталып, ет шаруашылығын дамытуда Австралия тәжірибесі қолданылуда. Сондай-ақ өңірдегі энергетикалық тапшылықты жою мақсатында жалпы қуаты 2,4 ГВт болатын алты жобаны іске асыру жоспарланған. Индустриялық аймақтарды инфрақұрылыммен қамтамасыз ету бойынша да жұмыстар жүргізіледі.

Білім беру саласында биыл өңірде 32 мектеп салынып, 41 білім ошағына күрделі жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін 32 нысан ашылып, 45 елді мекенге табиғи газ құбыры тартылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев өңір басшысына “Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы” Заңда белгіленген міндеттерді сапалы жүзеге асыру үшін Үкіметпен тығыз жұмыс істеуді тапсырды. Сондай-ақ президент облыс тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыру, туризмді, ауыл шаруашылығын және шағын кәсіпкерлікті дамыту, елді мекендерді толықтай ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде міндеттер жүктеді.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл