Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Қайтарылған активтер: ауылдарды сумен жабдықтауға 4,2 млрд теңге бөлінді
Үкімет

Қайтарылған активтер: ауылдарды сумен жабдықтауға 4,2 млрд теңге бөлінді

06.03.2025
мин
0
112
Сурет: depositphotos.com

Қайтарылған активтердің 4 млрд теңгеден астамы Қызылорда облысындағы сумен жабдықтау жүйелерінің құрылысын аяқтауға бөлінді, - деп хабарлайды Dauletten.kz сайты Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 мыңнан астам халқы бар Тоқабай және Абай ауылдарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Арал–Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылатын Арал–Тоқабай–Абай магистралі тармағының құрылысы жүргізілуде.

Жоба 2021 жылы іске асырыла бастаған. Оны аяқтау үшін қосымша 3,7 млрд теңге қажет. Қаржы бөлу туралы шешім қабылданды. Нысанды 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Шамамен 400 тұрғыны бар Ақбасты ауылында Арал–Сарыбұлақ топтық су құбырына қосылатын Қосман–Ақбасты магистралі тармағының құрылысы аяқталуға жақын. Жобаның құны – шамамен 2,4 млрд теңге, оның 1,8 млрд теңгесі игерілген. Қалған 524 млн теңгесі Арнаулы мемлекеттік қордан бөлінді. Нысанды биыл іске қосу жоспарлануда.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл