Brent
WTI
kz
kz ru
Астана
Астана
Алматы
Ақтау
Ақтөбе
Атырау
Қарағанды
Көкшетау
Қостанай
Қызылорда
Павлодар
Семей
Петропавл
Талдықорған
Тараз
Шымкент
Орал
Өскемен
CNY
MNT
KGS
UZS
TRY
Сіздің өтінішіңіз сәтті жіберілді, Рақмет!
Жаңалықтар
Халықаралық іздеуде жүрген Дана Орманбаеваның күйеуі мәлімдеме жасады
Жаңалықтар

Халықаралық іздеуде жүрген Дана Орманбаеваның күйеуі мәлімдеме жасады

31.01.2025
1 мин
0
267
Сурет: instagram.com/danapartner

Белгілі КВН ойыншысы Дәуіт Шайхисламов әйелі Дана Орманбаеваға қатысты “ұлтаралық араздықты қоздырды” деген айып негізсіз тағылып, оған заңсыз іздеу жарияланғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.

Оның айтуынша, журналист Дана Орманбаеваға қатысты айыптауды “Blogerskii Pizdesh”арнасының авторы Алена Панамарева қолдан ұйымдастырған. Сондай-ақ, Шайхисламов бұл істің артында белгілі бір тапсырыс тұрғанын айтып, қазақстандықтар мен мемлекет басшысына үндеу жолдады.

- Мен заңға әрдайым сеніп келдім, бірақ қазір үнсіз қалуға болмайтынын түсіндім. Әділдікке жету үшін бәрін ашық айту керек! 2024 жылдың сәуір айында “Blogerskii Pizdesh” арнасының авторы Алена Панамарева Алматы полициясына шағым түсірді. Нәтижесінде, менің әйеліме ойдан шығарылған арыз негізінде “ұлтаралық араздықты қоздырды” деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалды. Менің ойымша, Алена Панамарева осылайша өзіне жүктелген тапсырманы орындады,– дейді Дәуіт Шайхисламов.

Ол Алматы тергеу сотының Дана Орманбаеваны сырттай қамауға алу туралы шешімі әлі заңды күшіне енбегенін атап өтті. Қорғаушы тарап бұл шешімге қарсы Алматы қалалық сотына шағым түсірген. Алайда видео авторы БАҚ арқылы жалған ақпарат таратып, осы арқылы апелляциялық сотқа қысым көрсетіп отыр деп санайды.

Дәуіт Шайхисламов соттың әділ шешім шығаруын талап етті.

Біздің телеграмға қош келдіңіз!
308
0 Пікір
                                                                    
Қазір желіде отырғандар
Человек
Көп оқылған мақалалар
  • тәулік
  • апта
  • ай
  • жыл