Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Елімізде Наурыз есімl3 1500-ге тарта азамат бар, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Қазақстанда Наурыз есімді 1 472 азамат бар. Бұл атау көбінесе ер адамдарға қойылады, дегенмен, оның түрлі нұсқалары да кездеседі. Соның ішінде Наурызбек, Наурызхан, Наурызғали, Наурызгүл секілді есімдер көп таралған.
Наурыз есімі қай өңірлерде көп кездеседі?
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, Наурыз есімі еліміздің кейбір аймақтарында жиі қойылады. Ең көп таралған өңір – Маңғыстау облысы, мұнда 282 адам осы есімді иеленген. Одан кейін Түркістан облысы (172 адам) мен Қызылорда облысы (165 адам) орналасқан. Ал Солтүстік Қазақстан облысында бұл есім сирек кездеседі, мұнда небәрі жеті адам ғана Наурыз есімді.
Ірі қалалар арасында Шымкентте – 83, Астанада – 62, Алматыда – 42 адам осы есімді иеленген.
Наурыз есімінің тарихы мен мағынасы
“Наурыз” сөзі парсы тілінен аударғанда “жаңа күн” деген мағына береді. Бұл атау табиғаттың жаңаруы мен көктемнің келуімен байланысты болғандықтан, ата-аналар балаларын осылай атауды жақсылықтың белгісі деп санаған.
Наурыз есімі қазақ тарихында да кездеседі. Мысалы, Наурызбай Құтпанбайұлы (1700-1781) мен Наурызбай Қасымұлы (1822-1847) – ел қорғаған әйгілі батырлар. Сондай-ақ, Алтын Орда хандарының бірі Наурыз хан (1359-1360) болған.
Наурыз атауымен байланысты басқа да есімдер бар. Олардың ішінде:
• Наурызбек – 3 206 адам
• Наурызхан – 272 адам
• Наурызғали – 82 адам
• Наурызгүл – 113 адам
Бұл көрсеткіш Наурыз есімінің қазақ қоғамында қаншалықты кең таралғанын көрсетеді. Сонымен қатар елімізде Көктем есімді 25 адам, Коктем есімді 18 адам бар.
Наурыз есімінің танымалдығы артып келе ме?
Тәуелсіздік жылдары 1 040 балаға Наурыз есімі қойылған. Соның ішінде 443 бала соңғы он жылда дүниеге келген. Бұл халықтың ұлттық құндылықтарға бет бұрып, көктем мерекесіне деген ықыласының арта түскенін білдіреді.
Ең үлкен және ең жас Наурыз кім?
Қазақстандағы ең егде Наурыз есімді азамат 84 жаста. Ал 2023 жылы 9 нәрестеге осы есім берілген.
Наурыз есімі – тарихы терең, ұлттық ерекшелігі бар, көктемнің жаңа тынысын білдіретін атау. Оның танымалдығы уақыт өте келе артып келеді, әсіресе, оңтүстік және батыс аймақтарда жиі кездеседі. Ұлыстың ұлы күнімен аттас бұл есім қазақ халқы үшін жақсылық пен жаңарудың нышаны болып қала бермек.