Товарные рынки | ||
BID | ASK | |
Brent | 0.00 | 0.00 |
Лайт | 0.00 | 0.00 |
Алматыдан 323 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, - деп хабарлайды Dauletten.kz.
Жер сілкінісін сейсмикалық стансалар желісі 28 наурызда Астана уақытымен 03:42–де тіркеді. Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 323 км жерде орналасқан.
Сезілуі туралы ақпарат:
с. Мерке 5.0 б.
с. Кулан 4.0 б.
Шу 2.0 б.
с. Төле Би 2.0 б.
с. Сарыкемер 2.0 б.
Тараз 2.0 б.
с. Кордай 2.0 б.
с. Аса 2.0 б. с.
Мойынқұм 2.0 б.
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің командалық орталығында сейсмикалық жағдайды бақылау бойынша жедел штаб құрылды.
ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішевтің төрағалығымен аумақтық бөлімшелермен жұмыс кеңесі және бейнеконференция өтті.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, тіршілікті қамтамасыз ету мекемелері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.
— Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі жағдайды бақылауды жалғастырып жатыр. Жағдай тұрақты. Құтқару бөлімшелері қажет болған жағдайда әрекет етуге дайын. Жамбыл облысында химиялық қауіпті 5 нысан орналасқан. Мамандар оларды тексеру өзара әрекеттестк ұйымдастырды — қауіп жоқ, — деп толықтырды ТЖМ.